426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Рикода 500-ге жуық үй су астында қалды

  • 253
  • UPD: 09:19, 01.08.2020
Пуэрто-Рикода 500-ге жуық үй су астында қалды

«Исайяс» тропикалық дауылының соғуы салдарынан Пуэрто-Рикода су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, 500-ге жуық үй су астында қалып, жолдар шайылды. Екпінді желдің жылдамдығы сағатына 90 шақырымға жеткен. Болжам бойынша, бүгін дауыл Флорида штатының шығыс жағалауына жақындайды. Мұндағы халыққа ескерту жасалған. Кейін қуатты жел АҚШ-тың шығысы арқылы Канаданың оңтүстік шығысына ығысады деп болжанып отыр. Осы аралықта Оңтүстік және Солтүстік Каролина дауылдың зардабын тартуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы