428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядағы префектурада төтенше жағдай жарияланды

  • 226
  • UPD: 22:41, 01.08.2020

Окинава префектурасының губернаторы Денни Тамаки коронавирус індетінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады.

Бірнеше аралда орналасқан бұл өңірде 1 миллион 300 мыңдай халық тұрады. Жұма күні префектура аумағында коронавирус дертін жұқтырған 71 адам анықталды. Ал осы кезге дейін мұнда ауруды жұқтырудың тек 324 дерегі тіркелген болатын. Оның 248-сі осында қызмет ететін АҚШ жауынгерлерінде анықталған. Енді жағдайдың ушығуына байланысты губернатор жұртты екі апта бойы үйлерінен шықпауға шақырды.

Айта кетейік, Жапония билігі халықтың шектеу шараларын сақтауын қатаң қадағаламайды. Дегенмен тәртіпке үйренген жергілікті тұрғындардың көбі талаптарды мұқият орындайды.

Хабар 24 телеарнасы