Кариб теңізінде соққан Исайя дауылы АҚШ-тың Флорида штатына тақап қалды. Осыған байланысты губернатор Рон Десантис штат аумағында төтенше жағдай жариялады.
Билік өкілдері тұрғындарды тұрмысқа қажетті заттармен қамдануға шақырды. Сондай-ақ штатта Ковид-19 ауруына тест жасайтын орталықтар жабылды. Метереолог мамандардың айтуынша, жақын арада Исайя дауылы АҚШ-тың шығыс жағалауына жетеді. Осыған дейін одан Гаити, Доминикан Республикасы мен Пуэрто Рико елдері зардап шеккен. Сағатына 140 шақырым жылдамдықпен соққан ел электр желілерін үзіп, жүздеген мың адам жарықсыз қалды.