418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде билікке наразылық өршіді

  • 106
  • UPD: 10:31, 02.08.2020
Израильде билікке наразылық өршіді

Израильдегі үкіметке қарсы наразылық күн санап күшейіп барады. Тель-Авив орталығы мен Нетаньяху резиденциясының алдына мыңдаған адам жиналды.

Наразы топ коронавирус пандемиясымен күрестің әлсіздігін айтып, үкімет басшысының отставкаға кетуін талап етті. Сондай-ақ белсенділер «премьер-министр сыбайлас жемқорлыққа барды деп айып тағылғандықтан оның министрлер кабинетін басқаруға құқығы жоқ» деп ұрандады. Ал Нетаньяху болса, «назары топ  сырттан келген арандатушылар» деп мәлімдеді. Ал кейінірек Премьер басқаратын «Ликуд» партиясы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарын бұл ереуілдердің маңыздылығын асырып көрсетті деп айыптады.

Хабар 24 телеарнасы