loader

Үндістанда құрылыстағы кран құлап, он бір адам қаза тапты

Үндістанда құрылыстағы кран құлап, он бір адам қаза тапты

Үндістанда үлкен құрылыс краны құлап, 11 жұмысшы қаза тапты.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарақат алған тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Бұл апат елдің оңтүстігіндегі Вишакхапатнам қаласындағы кеме жасайтын зауытта болған. Жаңа орнатылған кранды жүктеу сынағынан өткізіп жатқан кезде ол жерге құлап түсті. Осы апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары басталып кетті.

 

Сондай-ақ...