418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерге жекеменшік ғарыш кемесі ұшып келеді

  • 125
  • UPD: 13:17, 02.08.2020
Жерге жекеменшік ғарыш кемесі ұшып келеді

Әлемдегі тұңғыш жекеменшік ғарыш кемесі Жерге бет алды.

Халықаралық ғарыш станциясында екі ай бойы жұмыс істеген астронавттар Крью Драгон кемесімен Мексика шығанағына қонуы тиіс. АҚШ Ұлттық әуе-ғарыш агенттігінің мамандары Флорида жағалауына тақап қалған Исайя дауылы бұған кедергі келтірмейтініне сендірді. Бұл расында да тарихи сапар болды. Соңғы тоғыз жылда АҚШ астронавттары алғаш рет өз жерінен және өз кемесімен ғарышқа ұшты. АҚШ Ұлттық әуе-ғарыш агенттігі бұл кеменің соңғы сынағы болғанын мәлімдеді. Сәтті оралса, сертификациядан өтіп, болашақта тұрақты негізде Халықаралық ғарыш станциясына қатынайды.

 

Хабар 24 телеарнасы