418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем коронавирустың жаңа толқынын бастан кешуде

  • 143
  • UPD: 14:04, 02.08.2020

Әлем COVID-19-дың жаңа толқынына тап болды. Жаһан елдерінің 70 проценті вирус жұқтырудың күн сайынғы өсімін тіркеуде.

Бұл сәуір айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Вирус жұқтыру дерегі Испанияда көп. Мұнда маусым айындағы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 8 есеге дейін артқан. Коронавирус жұқтыру статистикасын ұсынған 88 мемлекеттің жартысына жуығы өсімнің 3 проценттен артқандығын айтады. Ал Еуропаның 9 елінде көрсеткіш мұнан да жоғары. Кәрі құрлық мемлекеттері сәуір мен мамыр айларында қатаң карантин тәртібін енгізіп, вирустың таралуын азайтқан еді. Кейін шектеу шаралары жеңілдетіліп, ауру қайта өрши түсті.

Роберт Кох институтының мәлімдеуінше, инфекцияның таралуына басты себеп отбасылық мерекелерді тойлау, демалыс орындары мен кеңселер болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы