418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда коронавирус дерті ушығып барады

  • 104
  • UPD: 21:01, 02.08.2020

Колумбияда коронавирус індеті дендеп барады. Ауруды жұқтырғандар саны 300 мың адамнан асып кетті.

Он мыңнан астам адам вирустан қайтыс болды. Бұл мәліметті елдің денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Үкімет елдің екінші ірі қаласы Медельинде қатаң шектеу шараларын қайта енгізді. Ел астанасы Богота қаласында карантин ережелерінің сақталуын полиция қадағалап жүр.

Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, індеттің шарықтау шегі тамыз айына келеді. Колумбия президенті Иван Дуке карантин жаздың аяғына дейін жалғасатынын жариялаған еді.

Джэнни Апонтэ, жергілікті тұрғын:

- Бұл өте қорқынышты, осылай болатынын күтпеген едік. Жақындарымыз бұл  вирусты жұқтырғанынан зәреміз ұшты. Не де болса өз денсаулығымыңызға қараумыз керек.  

Ал Аргентинада ресми мәлімет бойынша Ковид-19 індеті 200 мың адамнан анықталған. Соңғы тәулікте вирусты жұқтырудың жаңа 5 мыңнан аса дерегі тіркелді. Ауруханалардың жансақтау бөлімдерінде науқастарға орын жетіспей жатыр. Қазіргі жағдайға байланысты Аргентина үкіметі карантин мерзімін 16 тамызға дейін ұзартты.

Хабар 24 телеарнасы