426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда лай көшкінінен 6 адам қаза тапты

  • 286
  • UPD: 21:25, 02.08.2020
Оңтүстік Кореяда лай көшкінінен 6 адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяның орталық бөлігінде нөсер жауын жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шелектеп құйған жаңбыр салдарынан су тасып, лай көшкіндері жүрген. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалып кетті.

Сеулден 70 шақырым қашықтықта лай көшкіні құс фермасын басып кетті. Екі сағат бойы қирандыларды аршыған құтқарушылар ер адамның денесін тапты. Чунджу қаласында лай көшкіні сиыр фермасын басып, салдарынан газ жарылды. Табиғи апаттан 300-ден аса адам баспанасыз қалды. Қазіргі кезде төтенше қызметтер із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарды іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы