423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппин дәрігерлері ел астанасында карантинді қайта енгізуді сұрап отыр

  • 203
  • UPD: 08:49, 03.08.2020
Филиппин дәрігерлері ел астанасында карантинді қайта енгізуді сұрап отыр

Филиппин дәрігерлері ел президенті Родриго Дутертеден Манила қаласында15 тамызға дейін карантин тәртібін қайта енгізуді сұрап отыр, хабарлайды «Хабар 24».

Айтуынша, бұл медицина саласының қызметкерлеріне сәл де болса, уақыт ұтуға мүмкіндік береді. Бір миллионнан аса дәрігер, медбике мен саланың өзге мамандарын біріктіретін медицина қауымдастығы ел президентіне ашық хат жолдады. Ауруханалар науқастарға толып кетті, олардың бәріне бірдей көмек көрсету мүмкін емес. Алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері де  жиі ауратын болған. Жалпы Филиппинде коронавируспен ауырғандар саны 100 мыңнан асып кетті. Экономикаға үлкен шығын келтіргендіктен, 1 маусымнан бастап ел астанасы Манилада шектеулер алынып тасталған еді. Алайда, індет дендеп барады. Тек соңғы 1 айда 50 мыңнан аса науқас анықталған болатын.

Хосе Сантьяго, Филиппин медицина қауымдастығының президенті:

Денсаулық сақтау жүйеміз шегіне жетті. Дәрігерлеріміз кімді ажалдан арашалау секілді қиын таңдау жасауға тиіс емес. Оған жеткізбейік. Егер денсаулық сақтау жүйеміз күйресе, ең алдымен мұның ауыр зардабын кедейлер тартады.

Хабар 24 телеарнасы