423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль Газадағы ХАМАС қозғалысының нысандарына соққы берді

  • 279
  • UPD: 08:50, 03.08.2020
Израиль Газадағы ХАМАС қозғалысының нысандарына соққы берді RT

Израиль әуе күштері Газа секторындағы ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына соққы берді.

Шара қарулы топтардың Израиль аумағын зымыранмен атқылауына байланысты жүзеге асырылды. Израиль әскерилерінің мәлімдеуінше, ұшақтар ХАМАС-тың жерасты жолдары мен бетон дайындайтын бір зауытты талқандаған.

Еске сала кетейік, кеше ресми Тель-Авив Газа секторынан Сдерот қаласына қарай бір зымыран ұшырылып, оны атып түсіргенін мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы