428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең үлкен зымыран тасығыш экраноплан Дербент қаласына жеткізілді

  • 254
  • UPD: 09:48, 03.08.2020
Әлемдегі ең үлкен зымыран тасығыш экраноплан Дербент қаласына жеткізілді

Әлемдегі ең үлкен зымыран тасығыш экраноплан «Лунь» Дербент қаласына жеткізілді, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оның соңғы сапары болған. Аты аңызға айналған ерекше көлік құралы жергілікті әскери мұражайдың басты экспонаты болады. Экраноплан – кеме мен ұшақтың аралас түрі. Ол су немесе қар секілді жазық беттің үстімен ұша алады. Әуежайларды қажет етпейтін, әрі кез келген жазық жерде немесе су бетіне қона алатын экранопланды түрлі мақсатта қолдануға болады. Әскери экранопландар зымырандармен қаруланған болатын. Сағатына 500 шақырым қашықтықпен ұша алады. Ал, төмен биіктікте болғандықтан радарлар оны байқамайды.

Хабар 24 телеарнасы