428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия тұрғындары биыл өз елінде демалуды таңдады

  • 202
  • UPD: 12:12, 03.08.2020

Пандемияға дейін Германия тұрғындарының 75%-і жазғы демалысын шетелде өткізсе, биыл қалыптасқан жағдайға байланысты өзге елдерге тек 17%-і ғана шыққан, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Германия азаматары жергілікті шипажайларда демалуды жөн көріпті.

Андреас, турист:

- Мұндай тәртіп вакцина ойлап тапқанға дейін сақталады деп ойлаймын. Ал әзірше енгізілген шектеулермен санасуымыз керек.

Баяна, турагент:

- Маған келгендерге вирустан қатты зардап шекпеген елдерге баруды ұсынамын. Мысалы, Грекиядағы аралдарға немесе Канар аралдары.

Неміс халқының өз елінде демалуды таңдағанымен, бұл жыл сайынға шетелден ағылып келетін туристердің орнын толтыра алған жоқ. Осының салдарынан Германияның туризм саласы дағдарысқа ұшырады. Мәселен, мамыр айында Мюнхенге 7 мың шетел туристі келсе, осыдан дәл бір жыл бұрын бұл қала 340 мың саяхатшыны қабылдаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы