429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда түрмеге шабуыл жасалып, үш адам көз жұмды

  • 175
  • UPD: 11:48, 03.08.2020
Ауғанстанда түрмеге шабуыл жасалып, үш адам көз жұмды

Ауғанстанның Джалалабад қаласындағы түрмеге шабуыл жасалып, 3 адам қаза тапты, тағы 24 кісі жарақат алды, хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарға қарағанда, бір содыр жарылғыш зат толы көлікті түрменің қасына келіп, жарып жіберген. Сол сәтте тағы бірнеше лаңкес абақтыға лап қойған. Күзетшілермен қақтығыс болып, содырларға тойтарылыс берілген. Шабуылды әзірге ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Полицияның хабарлауынша, бұған дейін әскерилер осы шаһардың маңында арнайы операция жүргізіп, «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» бір басшысының көзін жойған.

Хабар 24 телеарнасы