425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда нөсер жауды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер бар

  • 256
  • UPD: 12:57, 03.08.2020
Оңтүстік Кореяда нөсер жауды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер бар

Оңтүстік Кореяда қатты муссондық жаңбыр жауып, кем дегенде 14 адам мерт болды.

Олардың ішінде алты адамның қаза тапқаны расталды, ал қалғандары хабарсыз кеткен. Тағы 6 адам ауыр жарақат алған.

Метеорологтар жаңбырдың одан әрі күшейе түсетінін ескертеді, деп хабарлады Yonhap.

Нөсер үш күн бойы толастар емес. Сеул, Кенги, Солтүстік Чхунчхон және Канвон аймақтары қатты зардап шекті.

Хабар 24 телеарнасы