426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция әуежайларында санитарлық бақылау күшейді

  • 131
  • UPD: 14:17, 03.08.2020
Франция әуежайларында санитарлық бақылау күшейді

Франция билігі коронавирус індеті өршіп тұрған 16 мемлекеттен келетін жолаушылар үшін әуежайдағы медициналық тексерісті күшейтті, хабарлайды «Хабар 24».

Тізімнің ішінде АҚШ, Оңтүстік Африка, Алжир, Бразилия, Үндістан, Израиль, Мадагаскар, Перу, Сербия мен Түркия бар. Бұл ел азаматтарында соңғы 72 сағат ішінде тапсырған тест нәтижесі болуы керек. Егер медициналық анықтамасы болмаса, жолаушылар ғимарат ішідегі зертханада тексеріледі. Нәтижесі дайын болғанша адам оқшаулануы тиіс. Ақпарат көздері Францияға бір күннің ішінде осы тізімдегі мемлекеттерден 2600 адам келгенін хабарлайды.

Айта кетейік, Франция Үкіметі аймақта санитарлық талаптарды да күшейтті. Енді жергілікті заң бойынша қоғамдық орындарда халық масқа тағуға міндеттеледі.

Хабар 24 телеарнасы