423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каролина штатында «Исайя» дауылы салдарынан төтенше жағдай жарияланды

  • 170
  • UPD: 15:46, 03.08.2020
Каролина штатында «Исайя» дауылы салдарынан төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тың солтүстік Каролина штатында «Исайя» дауылы соқты, хабарлайды «Хабар 24».

Ақ үй басшысы Дональд Трамп аймақта төтенше жағдай режимін жариялап, саябақ, тест тапсыратын зертханалар мен жағажайларды жауып тастады. Қазір қатты желмен бірге жауын жауып тұр. Штат губернаторы тұрғындарға жарықтың өшуі мүмкін екенін ескертіп, бір аптаға жеткілікті ауыз су, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамдануға кеңес берді. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олардың болжамынша, жақын арада желдің екпіні бәсеңдемейді. Атлант мұхитынан шыққан долы дауылдан жағалаудың шығыс жағы қатты зардап шегуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы