429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ: үш штатта кесірлі вирустың таралуы артты

  • 209
  • UPD: 17:28, 03.08.2020

АҚШ-та өткен айда коронавирусты жұқтырғандар мен дерттен қайтыс болғандардың саны күрт өскен.

Ресми мәліметке сәйкес, шілдеде «ковид-19»-ға шалдыққандар 1,8 миллионға артып, вирустан тағы 25 мың науқас көз жұмған. Індеттің таралуы әсіресе Калифорния, Флорида және Техас штатында өскен. Мысалы, Калифорнияда науқастардың қарасы - 512 мыңға жетсе, Флоридада 490 мыңға жуықтаған. Ал АҚШ-тың бас эпидемиологы Энтони Фаучи келер жылы тиімді вакцина дайын болады деп отыр. Бұған дейін Фаучи Қытай мен Ресей екпелері америкалық стандарттарға сай келмейтіндіктен елде қолданылмауы мүмкін деген. 

Энтони Фаучи, АҚШ Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының директоры:

- Келесі жылы қауіпсіз әрі тиімді вакцина пайда болады деп сенемін. Бірақ дайын болған екпені барлығы бірден ала алмайды. Ол кезең-кезеңмен таратылатын болады. Бұл мәселемен осы іске жауапты комитеттер айналысады.

Хабар 24 телеарнасы