432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киевтегі бизнес орталықтарының бірінде ер адам бомба жаратынын айтып қорқытуда

  • 215
  • UPD: 16:39, 03.08.2020
Киевтегі бизнес орталықтарының бірінде ер адам бомба жаратынын айтып қорқытуда

Белгісіз адам Киевтегі бизнес орталықтарының бірінде бомба жаратынын айтып қорқытуда.

Онымен келіссөздер жүріп жатыр, деп мәлімдеді елдің ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко Facebook парақшасында.

Оның мәлімдеуінше, түскі уақытта аталған сауда орталығында орналасқан банктің өкілі полицияға қоңырау шалған. Айтуынша, бөлімге 35 жасқа толмаған ер адам кіріп келіп, сөмкесінде бомба бар екенін айтқан. Шабуыл жасаушы тәртіп сақшыларын шақыруды өтінген.

«Банк қызметкерлері мекемеден шығып кетті, ал бөлім бастығы өз еркімен іште қалды. Полиция арнайы операцияны бастады. Полиция өкілдері террористпен келіссөздер жүргізуде», - деп толықтырды Геращенко.

Хабар 24 телеарнасы