432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британдықтар Абайдың өлеңдерін оқудан челленджге қосылды

  • 401
  • UPD: 21:36, 03.08.2020

Хакім Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқудан челендж жүріп жатқаны белгілі. Осы шараға ұлыбританиялықтар да қатысып жатыр.  Түркі жұрты ғана емес әлем мойындаған қаламгердің туыныдыларын саясаткерлер, ғалымдар және шығармашылық интеллигенция өкілдері ағылшын тілінде оқып, әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. 

Консерватор Боб Стюарт британиялық заң шығарушы органның беделді депутаттарының бірі. Ол Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» өлеңін оқып жатыр. Челлендждің тағы бір қатысушысы Барни Крокетт - Абердин қаласының лорд-мэрі. Ол ұлы ақынның түпсіз терең философияға толы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өліңінен үзінді келтіруде.

Жиналғандардың айтуынша, Абай поэзиясы Шекспирдің шығармашылығымен пара-пар, себебі әрдайым өзекті және зор сұранысқа ие. 

Джон Фарндон, жазушы, ақын, аудармашы:

- Қазіргі уақытта мен Ахмет Жұбановтың «Абай» операсын аударып жатырмын. Қазақстан Елшілігінің қолдауының арқасында бұл операны Ұлыбританияға тұңғыш рет келесі жылы алып келеміз деп үміттенеміз. Мен Абай шығармашылығымен жақсы таныспын және бұл челленджге қуана қатысып жатырмын. 

Бұл челлендж - билығы айтулы датаға орай Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі жоспарлаған көп шараның бірі. Жыл соңына қарай британдық кітапханада Абай шығармаларының жаңа жинағының тұсаукесері өтпек. Сосын алғаш рет ағылшын тілінде Абай әндерінің кітабы жарық көреді. Бұдан бөлек қазақстандық және британиялық орындаушылардың онлайн концерті ұйымдастырылады. 

Кәмшат Күмісбай, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің хатшысы:

- Абайдың әрбір өлеңі адамзатқа деген, адам баласына деген сүйіспеншілікті насихаттайды. Сондықтан Абайдың өлеңдерін өзіміз ғана оқып қоймай, сонымен бірге барша әлем халықтарымен бөлісуіміз керек деп ойлаймыз. Осы арқылы біз Абайды дәріптеу, насихаттау, Абайдың мұрасымен бөлісу ісіне кішкене ғана үлесімізді қоса аламыз деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы