424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде карантин күшейтілді

  • 173
  • UPD: 22:25, 03.08.2020

Филлипинде ел астанасы Манила мен халық көп шоғырланған 5 провинцияда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейтілді.

Атап айтқанда, қоғамдық көлік қатынамайды. Кәсіпорындар мен сауда орындарының жұмысы жартылай тоқтайды. Мемлекеттік қызметкерлердің бір бөлігі қашықтан жұмыс істейді. Тиісті ереже 4 тамызда күшіне еніп, 2 аптаға жалғасады. Бірер күн бұрын жүзге жуық медициналық ұйым басшысы онлайн конференция өткізіп, денсаулық сақтау саласындағы түйткілдер жайлы мәселе көтерген болатын.

Айтуларынша, дәрігерлердің бір бөлігі вирус жұқтырса, енді бір бөлігі қорыққанннан немесе шаршағандықтан жұмыстан кетіп жатқан көрінеді. Осы ретте конференция қатысушылары президенттен карантинді қатаңдатуды сұраған. Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде індетті жұқтырғандар саны 106 мыңнан асты. 2 мыңға жуық науқас көз жұмған. 

  1. Биліктің қайтадан карантин енгізгені жақсы. Бұл қажет шара. Өйткені медициналық қызметкерлерге обал. Ол кісілердің жұмысы ауыр.
  2. Шектеу шаралары күшейтілсе, бізге қиын болайын деп тұр.
Хабар 24 телеарнасы