431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хуан Карлос Испаниядан қашып кетті

  • 303
  • UPD: 09:12, 04.08.2020
Хуан Карлос Испаниядан қашып кетті

Мұнан бұрын тақтан бас тартқан Хуан Карлос Испаниядан кететінін мәлімдеді.

Испания Королі Филипп VI-ның әкесі Хуан Карлос ұлына Испаниядан кететіні туралы хат жазды. 

«Испаниядан тыс жерге көшіп кету туралы кесімді шешім қабылдағаным туралы саған хабарлап отырмын» делінген екен хатта. 

El Pais хабарлауынша, монарх осындай шешімге келгенге дейін Испания мен Швейцарияның прокуратуралары Хуан Карлостың шетелдік есеп-шоттарына қатысты тергеу бастаған. 

Ал монархтың адвокаты жариялаған мәлімдемеге сәйкес, Хуан Карлос елден көшіп бара жатса да прокуратура оған қатысты кез келген процессуалды әрекетті атқара беруіне болады екен.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы