429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда нәтижесі 90 минут ішінде дайын болатын тест қолданылады

  • 309
  • UPD: 10:22, 04.08.2020

Ұлыбританияда нәтижесі небәрі бір жарым сағат ішінде дайын болатын тест жүргізілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік оның екі түрі барын айтады. Олар алдағы аптадан бастап ауруханаларда, қарттар үйі мен зертханаларда қолжетімді болады. Қазір мұнда коронавирусқа тексерілуге орта есеппен 24 сағаттан 48 сағатқа дейін кетеді екен. Жаңа тест «КОВИД-19-дан» бөлек тұмауды да анықтайды. Мамандар оның әсіресе қыста көп пайдасы тиюі мүмкін дейді. Сөйтіп, корольдікте әзірге күніне 300 мың тексеру жүргізіледі. Алайда мамандар алдағы уақытта оның санын жарты миллионға дейін жеткізуге ниетті.

Мэттью Хэнкок, Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі:

– Қазанның аяғына таман тәулігіне 500 мың тест өткізіп отыру жоспарымыз бар. Алайда жаңа технологиялардың көмегімен біз ол мақсатқа одан де ерте қол жеткізуіміз ғажап емес. Сондай-ақ бұл тестілерді болашақта мектепте қолдануымыз да мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы