426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда маска тағу міндеттелді

  • 213
  • UPD: 10:29, 04.08.2020
Францияда маска тағу міндеттелді

Франция билігі елдің 69 қаласында жаппай бетперде тағу режимін енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді халыққа жабық ғимараттардың ішінде ғана емес, көшеде, жағажайда және  барлық демалатын орындарда маскасыз жүруге болмайды. Талаптың орындалуын тәртіп сақшылары қадағалап отырады. Ал ережеге бағынбағандарға айыппұл салынады.  Айта кетейік, соңғы кездері Францияда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны күрт арып кетті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өткен аптаның өзінде  7 мың науқас тіркелген. Мамандар аймақта аптап ыстық болғандықтан халық жағажайларда, қоғамдық тамақтану орындарында , би кештерінде көптеп жинала бастағанын айтады. Еске салайық, Францияда осы күнге дейін қауіпті кеселден 30 мың 265 адам көз жұмды.

 

Хабар 24 телеарнасы