428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: Пхеньян жаңа ядролық қару шығаруы мүмкін

  • 233
  • UPD: 14:10, 04.08.2020
БҰҰ: Пхеньян жаңа ядролық қару шығаруы мүмкін

Солтүстік Корея ядролық қару жасау әрекетін жалғастыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ-ның хабарлауынша, Пхеньян баллистикалық зымырандарға орнататын шағын ядролық қару түрін шығарды деген болжам бар. Тәуелсіз сарапшылардың баяндамасында Солтүстік Кореяның бұған дейін алты ядролық қару шығарғаны айтылған. Ал өткен аптада Ким Чен Ын енді ядролық қарудың арқасында елде соғыс басталу қаупі жоқ екенін мәлімдеді. Еске салайық, Солтүстік Корея  2006 жылдан бері баллистикалық зымыран және ядролық қару шығарады деген айыппен БҰҰ санкциясына ұшыраған болатын.

 

Хабар 24 телеарнасы