429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі үздік актерлердің бір ауыз сөзінің құны жарияланды

  • 293
  • UPD: 16:29, 04.08.2020
Әлемдегі үздік актерлердің бір ауыз сөзінің құны жарияланды

Киноға түскендегі бір ауыз сөзі ең қымбат актерлердің рейтингі шықты.

Бұл туралы korrespondent.net Casumo-ға сілтеме жасап хабарлады.

Сарапшылар актерлердің бүкіл мансабында айтылған сөздерінің санын есептеді. Одан соң актердің гонорарын санап, әр сөзінің бағасын анықтаған.

Ең қымбаты Том Круздың бір ауыз сөзі болды – бір сөз үшін 7091 доллар. Екінші орында Курт Расселл – 5682 доллар, ал Джонни Депп 4877 доллармен үшінші орынға жайғасты.

Дензель Вашингтон (4581 доллар), Леонардо Ди Каприо (4326 доллар), Брюс Уиллис (4080 доллар), Киану Ривз (3643 доллар), Арнольд Шварценеггер (3447 доллар), Том Хэнкс (3150 доллар) және Брэд Питт (3058 доллар) үздіктер қатарына енді.

Нәзік жандылар арасыннан Камерон Диас көш бастады – бір сөзі 4637 доллар. Одан кейін Кортни Кокс (3528 доллар) және Джоди Фостер (3265 доллар) тұр.

Еске салсақ, әлемдегі ең бай актерлердің тізімі жарияланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы