421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияның Виктория штатында карантин тәртібін сақтамағандар айыппұл төлейді

  • 222
  • UPD: 23:51, 04.08.2020
Австралияның Виктория штатында карантин тәртібін сақтамағандар айыппұл төлейді

Австралияда COVID-19-дың жаңа ошағына айналған Виктория штатында карантин тәртібін сақтамағандар қомақты айыппұл төлейді, хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен коронавирусты жұқтырғанына қарамастан оқшаулану режимін сақтамағандарға 3 мың доллар айыппұл салу көзделген. Ал, карантин тәртібін қайтара бұзғандар 14 мың долларға төлейді. Ел билігі жағдайды бақылау үшін осы Виктория штатына бес жүзге жуық сарбаз аттандырмақ.

Айта кетейік, соңғы тәулікте аймақта 439 адамнан вирус анықталған. Ел бойынша кесел жұқтырғандар саны 19 мыңға жуықтады, 23 науқас көз жұмған.

Дэниел Эндрюс, Виктория штатының премьері:

- Бүгіннен бастап далада жаттығу жасауға тыйым салынады. Тек төтенше жағдайларда болмаса, басқа жағдайларда үйден шығуға болмайды. Сондықтан егер сіз өз үйіңізден аттап шықсаңыз, сіздің алдыңыздан шыққан полиция қызметкерлеріне бұл әрекетіңіздің заңды екенін түсіндіруге тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы