423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Компьютер тінтуірін алғаш жасап шығарған ғалым қайтыс болды

  • 205
  • UPD: 09:49, 05.08.2020
Компьютер тінтуірін алғаш жасап шығарған ғалым қайтыс болды

Компьютер тінтуірін алғаш құрастырушылардың бірі Уильям Инглиш АҚШ-та 92 жасында қайтыс болды.

Инглиштің өліміне тыныс жетіспеушілігі себеп болған. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Ол 1929 жылы Кентукки штатының Лексингтон қаласында дүниеге келген. Аризонадағы мектеп-интернатты бітірді, содан кейін Кентукки университетінде электротехника бойынша білім алды. 

1964 жылы Уильям Инглиш Дуглас Энгельбартпен бірге алғашқы компьютер тінтуірін жасап шығарған. Ол алғаш рет 1968 жылы Сан-Францискода көпшілік назарына ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы