426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем халқының 10%-інде ғана коронавирусқа қарсы иммунитет бар – ДДСҰ

  • 551
  • UPD: 12:16, 05.08.2020
Әлем халқының 10%-інде ғана коронавирусқа қарсы иммунитет бар – ДДСҰ

Тамыз айының басындағы жағдай бойынша әлем халқының 10% ғана коронавирус жұқтырған.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа аурулар мен зооноздар жөніндегі бөлімінің басшысы Мария Ван Керхе мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлем халқының 10%-інде ғана коронавирусқа қарсы антиденелер бар.

Осылайша, коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет әлі қалыптаспағанын айтты. Әлем халқының 60-70% коронавируспен ауырса, ұжымдық иммунитет қалыптасуы мүмкін екенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы