429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ мектептердің ашылуын талап етті

  • 246
  • UPD: 13:25, 05.08.2020

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясынан зардап шеккен өскелең ұрпақ үшін алаңдаушылық білдіріп, әлем елдеріне «жаңа оқу жылында мектептерді ашу керек» деп кеңес беріп отыр.

Ұйым басшысының айтуынша, бүгінде жаһанның 160 елінен шамамен 1 млрд оқушы эпидемиологиялық ахуалға байланысты мектепке бармай қалды. Бұған қоса 40 млн астам бала мектепке дейінгі даярлық білімнен де құр қалған. Гутерриш бұл өз кезегінде білім алу жүйесінде үлкен олқылықтарға әкеліп, әлеуметтік теңсіздік тудыруы мүмкін деп дабыл қағады.

Айта кетейік, онсыз да пандемия басталмай тұрып, 250 млн баланың білім алатын мүмкіндігі болмаған. Жалпы бүгінде жер-жаһанды жайлаған коронавирус індетіне 18 млн астам адам шалдықты. Оның 700 мыңға жуығы кесел құрбаны болды.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

 - Мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік әл-ауқаты төмен және босқындардың балалары білім ала алмай қалуы мүмкін. Тіпті қашықтан оқу мүмкіндігі бар оқушылардың да сапалы білім алуына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бұл жағдайдан өскелең ұрпақ зардап шегуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы