423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан карантинді жеңілдетеді

  • 308
  • UPD: 14:33, 05.08.2020
Өзбекстан карантинді жеңілдетеді

Өзбекстан карантиннен біртіндеп шығуға дайын. Науқастар саны артатын болса, бұл ауыртпалықты көтеруге денсаулық сақтау жүйесінің шамасы жетеді. Жергілікті билік осылай деп отыр.

Қауіпті індетке қарсы күрес штабының мәлімдеуінше, бүгінде республикада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Медициналық мекемелерде төсек-орындар мен медициналық қондырғы жеткілікті. Қазіргі уақытта көрші елде күн сайын 700-ден астам коронавирус дерегі тіркеліп отыр. Аты жаман ауруды жұқтырғандардың жалпы саны 27 мыңға жуықтады. Егер алдағы екі апта ішінде бір тәулікте індет жұқтырғандардың саны 400 адамнан аспаса, карантин талаптары жеңілдеуі мүмкін. Бүгінде Қашқадария мен Ферғана облыстарында бірқатар шектеу алынып, сән салондары, шаштараздар мен балабақшалар ашыла бастады. 

Хабибулла Акилов, коронавируске қарсы күрес штабының мүшесі:

- Ташкентте COVID-19 жұқтырғандарды емдеу үшін 16 аурухананы қайта жарақтап едік. Жақында олардың бәрі бұрынғы қалыпқа енеді. Яғни бұл медициналық мекемелер толық залалсыздандырылып, өздерінің негізгі бағыты бойынша жұмыс істейді. Егер карантин талаптарын жеңілдететін болсақ, бұған біздің денсаулық сақтау жүйесі де, хәкімдіктер де сақадай сай екенін айтып кеткен жөн. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы