420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем Ливанның қайғысына ортақтасты

  • 296
  • UPD: 15:09, 05.08.2020

Күллі әлем Бейруттің қайғысына ортақтасып жатыр. Ливандықтарға әлем елдері барынша қолдау көрсетуде.

Мысалы, Араб Әмірліктерінің билігі әлемдегі ең биік ғимарат Бурж халифаны Ливан туының түсімен жарықтандырса, Каирдегі әйгілі Гиза пирамидалары да Ливан мемлекеті туының түсіне боялды. Сауд Арабиясы, Кувейт, Израиль, Түркия, Ұлыбритания, Германия және АҚШ елдерінің басшылары Ливанға барынша қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Франция президенті Эммануэль Макрон оның елі Ливанға азаматтық қорғаныс күштері мен жедел жәрдем дәрігерлерін жіберетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы