428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияның демалыс орындарында коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт көбейді

  • 278
  • UPD: 18:12, 05.08.2020
Түркияның демалыс орындарында коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт көбейді

Түркия курорттарында COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны күрт артқан.

 

Түркияда «Ковид-19» жұқтыру деректері күрт өсті. Небәрі бір тәулікте 1000-нан астам дерек тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Айтуынша,  індеттің таралу факторы айт мейрамы кезінде демалыс орындарында қажетті деңгейде ескерілмеді. Осыған байланысты ведомство басшысы алдағы күндері науқастар санының артуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. БАҚ өкілдерінің болжамынша, вирус жұқтыру деректерінің күрт өсуі елге ағылған шетелдік туристермен байланысты. Айта кетейік, бүгінге дейін Түркияда 235 мыңдай адам инфекция жұқтырды. 5 мың 700 кісі вирус құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы