423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ Ливанға дәрі-дәрмек жөнелтті

  • 150
  • UPD: 15:58, 05.08.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ливанға жедел түрде дәрі-дәрмек пен хирургиялық құрал-жабдықтарды аттандырды.

Халықаралық ұйым көмегі 500 адамды емдеу мен тағы 500 кісіге операция жасауға арналған дәрі-дермек пен құрал-жабдықтардан тұрады. Бейруттегі жарылыстан кейін Ливан билігі Дүниежүзілік денсаулық ұйымы мен Қатар елінен көмек сұраған.

Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам зардап шеккен.  Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері сынған. Желіде жарылыстың видеосы тараған болатын. 

Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы.

Оның алдында теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған болуы мүмкін деген хабар тараған.

Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келгенін хабарлағанбыз. Осы оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді түсініктеме берді.

Бейрутте екі апталық төтенше жағдай енгізілді.

Ливанда 5 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы