Бұл аумақтардан екі мыңнан астам адам эвакуацияланды. Екпінді жел өрт сөндіруге кедергі келтіруде.
Францияның Мартиг қаласының маңында орман өртеніп жатыр. Бұл туралы Le Figaro хабарлады.
Оқиға орнында 1800 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатса, соның 14-і әртүрлі жарақаттар алған. Шамамен 2700 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Қызыл жалын мыңға жуық гектарды шарпыған. Орманға жақын орналасқан үйлер түгелдей жанып кеткен.