Оңтүстік Кореяда мыңдаған адам су тасқыны салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр, хабарлайды «Хабар 24».
Осымен бір жарым ай елде жауын толастар емес. Содан бері оннан астам адам жан тапсырып, тағы 13-і із-түзсіз жоғалып кетіпті. Қазір табиғаттың тосын мінезінен үйлер мен жолдарды су басқан. Дамылсыз жауған жаңбырдан егістік алқаптары да су астында қалды. Қазір тасқын судан зардап шеккен тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде.