431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі базар өртеніп кетті

  • 316
  • UPD: 09:05, 06.08.2020
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі базар өртеніп кетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің Аджман қаласындағы ірі базар отқа оранды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ондаған маман мен өрт сөндіруші техника жұмылдырылды. Олар елдің өзге өңірлерінен тартылған. Әзірге жапа шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Өрттің шығу себебі де анықталуда. Ол үшін тергеу ісі басталды.

Айта кетейік, қазір аймақта ауа температурасы 50 градустан жоғары болып тұр. Сарапшылар аптап ыстық та өрттің шығу себебі болуы мүмкін деп топшылайды.

Хабар 24 телеарнасы