428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Жастар арасында коронавирусты жұқтыру деректері үш есе артқан

  • 226
  • UPD: 09:34, 06.08.2020
ДДСҰ: Жастар арасында коронавирусты жұқтыру деректері үш есе артқан

Соңғы уақытта жастар арасында коронавирусты жұқтыру деректері 3 есе артқан.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлайды. Мамандар мынадай статистиканы келтіріп отыр. 24 ақпаннан 12 шілде аралығында тіркелген жұқтыру деректерінде жастардың үлесі 4,5%-тен 15%-ке дейін артқан екен. Өйткені егде жастағы адамдармен салыстырғанда олар маска тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстау секілді қауіпсіздік шараларын сақтамайтын көрінеді. Сондай-ақ түнгі клуб пен жағажайда көп жүретін де осылар. Соңғы уақытта коронавирусты жұқтырғандар арасында жастардың артуы Испания мен Францияда байқалып отыр.

Блиц 1:

- Мен барға барғанда көбінің әлеуметтік қашықтықты сақтамай, бір-біріне тым жақын отыратынын көріп жүрмін.

Блиц 2:

- Негізі сақтық шараларына тек жастар ғана жауапсыз қарайды деуге болмайды. Ол дұрыс емес. Иә, әдетте сауық кештерін жастар жағы ұйымдастырады. Дегенмен, бұл мәселеге жауапсыз қарайын үлкен кісілер де баршылық.

Хабар 24 телеарнасы