426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brent маркалы мұнай бағасы наурыздан бері алғаш рет 45 доллардан асты

  • 170
  • UPD: 09:39, 06.08.2020
Brent маркалы мұнай бағасы наурыздан бері алғаш рет 45 доллардан асты

Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттап, бір баррелінің құны 45 доллардан асты, хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы рет мұндай жағдай наурыздың басында тіркелген еді. Ол кезде ОПЕК+ елдері қара алтын көлемін қысқарту бойынша келісе алмаған. Салдарынан нарықтағы бағалар құлдырады. Сарапшылар «шикізаттың қымбаттауының бірнеше себебі бар», дейді. Біріншіден, кейбір елдер коронавирусқа қатысты шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр. Екіншіден, АҚШ-та мұнай қоры күрт қысқарып, бұл да бағаның көтерілуіне өз септігін тигізген. Үшіншіден, нарықтағы ахуалға Ливан астанасы Бейрут кемежайындағы жарылыс та әсер етті. Өйткені төтенше жағдай салдарынан мұнай жеткізілімінде іркіліс пайда болуы мүмкін деген күдік бар.

Хабар 24 телеарнасы