Америкалық Facebook компаниясы Instagram-да TikTok-қа ұқсас Reels сервисін іске қосты.
«Бүгін Instagram-да қысқа ойын-сауық бейнероликтерін жасау мен көруге арналған Instagram Reels қызметін ұсынамыз», - делінген Facebook хабарламасында.
15 секундтық бейнероликті түсіру үшін Instagram мобильді қосымшасында камераны ашып, содан кейін төмендегі панельден тиісті функцияны таңдау керек екендігі айтылған.