424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

  • 281
  • UPD: 10:05, 06.08.2020
Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Түркияда COVID-19 жұқтыру деректері күрт өсті, хабарлайды «Хабар 24».

Небәрі бір тәулікте 1000-нан астам дерек тіркелді. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Індеттің таралу факторы Айт мерекесі кезінде, демалыс орындарында қажетті деңгейде ескерілмеген. Осыған байланысты ведомство басшысы «алдағы күндері науқастар санының артуы мүмкін» деп алаңдаушылық білдірді. Ал БАҚ өкілдерінің болжауынша, вирус жұқтыру деректерінің күрт өсуі елге ағылған шетелдік туристермен байланысты.

Айта кетейік, бүгінге дейін Түркияда 235 мыңдай адам инфекция жұқтырды. 5700 кісі вирустан көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы