432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейруттегі жарылыстан көз жұмғандар саны 137-ге жетті

  • 266
  • UPD: 09:59, 06.08.2020
Бейруттегі жарылыстан көз жұмғандар саны 137-ге жетті

Бейруттегі кемежайда болған жойқын жарылыстан мерт болғандардың саны 137-ге жетті, хабарлайды «Хабар 24».

5 мыңнан астам тұрғын жарақат алған. Тағы ондаған адам жоғалғандар қатарында. Бұл Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі. Ал Бейрут қаласының губернаторы Марван Аббудтың хабарлауынша, жарылыстың шығыны шамамен 15 млрд доллар шамасында. Өңірде 2 аптаға төтенше жағдай режимі жарияланды. Құтқарушылар қирандылар астында қалғандарды іздестіріп жатыр. Белгілі болғандай, порттың кей қызметкерлері жарылыс кезінде теңізге құлаған. Оқиғаға қатысты тергеу ісі жалғасуда.

Манал Абдель Самад Неджд, Ливанның ақпарат министрі:

- Қойма жұмысына жауаптылардың барлығы үй қамауына алынады. Онда 2014 жылдың маусымынан бері 2750 тонна аммоний нитраты заңсыз сақталған. Жарылыстан бәріміз де зардап шектік. Бұл ұлттық апат болды.

Хабар 24 телеарнасы