423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда митинг кезінде жарылыс болды

  • 198
  • UPD: 09:57, 06.08.2020
Пәкістанда митинг кезінде жарылыс болды russian.rt.com

Пәкістанның Карачи қаласында митинг кезінде жарылыс болып, салдарынан кем дегенде 39 адам зардап шеккен.

Бұл туралы Dawn газеті хабарлайды.

Зардап шеккендердің көпшілігінің жарақаты жеңіл. Тек бір адам ауруханада ауыр халде жатыр.

Полиция мәліметінше, топқа гранатаны белгісіз екі адам лақтырған да, өздері оқиға орнынан қашып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы