Франция көмек ретінде Бейрутке үш әскери ұшақ жіберді, хабарлайды «Хабар 24».
Азаматтық қорғаныс саласының 55 маманы 15 тонна дәрі-дәрмек, санитарлық материалдар, сондай-ақ 500 науқасты қабылдауға арналған мобильді пост жеткізеді. Жақын күндері Ливанға жедел жәрдем дәрігерлері аттанады. Француз тарапы жарылыс фактісі бойынша өз тергеуін бастады, өйткені Бейруттағы қайғылы оқиғадан бесінші республиканың 21 азаматы жараланды.