422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейруттегі жарылыс: кеден қызметі жергілікті биліктен қауіпті затты жоюды сұраған

  • 373
  • UPD: 11:07, 06.08.2020
Бейруттегі жарылыс: кеден қызметі жергілікті биліктен қауіпті затты жоюды сұраған ia-centr.ru

Бейрут қаласында жарылған аммиак селитрасы порттағы қоймада 6 жыл сақталып келген.

Бұл туралы Ливан билігі мәлімдеді. Жүк 2013 жылы Молдова туымен жүрген Ресей азаматы Игорь Гречушкинге тиесілі кемеден тәркіленген. Грузиядан Мозамбикке химикаттар тасумен айналысқан кеме бір сапарда бұзылып, Бейрут портына тоқтаған. Бірақ салық төлемегендіктен, жүгімен бірге қамауға алынады. Ал кеме иесі Гречушкин ешқандай ақша төлемей, экипаждың 4 мүшесі еліне 1 жылдан кейін әзер оралған. Порттың кеден қызметі болса жергілікті биліктен қоймадағы қауіпті затты жоюды сұрап, 6 рет өтініш жасаған екен. Алайда белгісіз себептермен бұл өтініш аяқсыз қалған.

4 тамызда Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам зардап шеккен. Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері сынған. Желіде жарылыстың видеосы тараған болатын. 

Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы.

Оның алдында теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған болуы мүмкін деген хабар тараған.

Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келгенін хабарлағанбыз. Осы оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді түсініктеме берді.

Бейрутте екі апталық төтенше жағдай енгізілді.

Ливанда 5 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бейруттегі жарылыс: куәлардың көзімен

Хабар 24 телеарнасы