426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалықтар үкіметтен жұмыссыздық бойынша жәрдемақы талап етеді

  • 156
  • UPD: 12:55, 06.08.2020

Нью-Йорктің «Таймс сквер» алаңында наразы халық ереуілге шықты, хабарлайды «Хабар 24».

Америкалықтар үкіметтен жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мен медициналық көмек беруді талап етеді.

Нәпақасынан айырылған тұрғындарға апта сайын берілетін 600 доллар федералды көмек тоқтатылды. Енді халық заңды қайта қарастыруды талап етіп отыр. Айта кетейік, қазір аймақта жұмыссыздық мәселесі кең етек жаюда. Бүгінде АҚШ-та қызмет көрсету саласында шамамен 18 млн адам жұмысынан айырылып, нәпақасыз қалған. Бұған елдегі эпидемиологиялық ахуалдық нашарлауы себеп болып отыр.

Жергілікті тұрғын:

- 600 доллар күн көруімізге көмек болған еді. Әрине, бұрын еңбекпен тапқан ақшамен салыстыруға болмайды. Экономика тұрақтала бастады деп айтудың қажеті жоқ. Халық саяхаттап жатқан жоқ. Тіпті бай, дәулетті адамдар да ешқайда шықпай отыр. Мейрамханалар мен қонақүйлердің бәрі бос тұр.

Хабар 24 телеарнасы