432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Ядролық қаруға тыйым салу үшін бүкіләлемдік күрес күні

  • 250
  • UPD: 14:51, 06.08.2020
Бүгін Ядролық қаруға тыйым салу үшін бүкіләлемдік күрес күні

Бүгін бүкіл әлем ядролық қаруға тыйым салу үшін күрес күнін атап өтіп жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

1945 жылдың 6 тамызында АҚШ Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасын тастаған болатын. Салдарынан 80 мың адам көз жұмып, 12 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Тағы 40 мыңнан аса кісі түрлі жарақат алды. 12 шақырымдай жердегі бүкіл ғимарат жермен-жексен болды. Ал 9 тамызда АҚШ Нагасаки қаласына да ядролық қару тастады. Бұл адамзат баласы тарихында ядролық бомбаның алғаш қолданылуы болды. Көп ұзамай әлем елдері жаңа қарудың жойқын күшін түсініп, оған қарсы бас көтерді.

1955 жылы 6 тамыз күні Хиросимада ядролық қаруды қолдануға тыйым салу туралы тұңғыш халықаралық конференция өтті.

Кадзуми Матцуи, Хиросима қаласының мэрі:

- Біз мұндай қасіреттің қайталануына ешқашан жол бермеуіміз керек. Азаматтық қоғам ұлтшылдықтан бас тартып, кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы