426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда күріш тиелген контейнерден бір тоннадан астам кокаин табылды

  • 189
  • UPD: 15:18, 06.08.2020
Францияда күріш тиелген контейнерден бір тоннадан астам кокаин табылды

Францияда Лоон-Пляж портындағы кеден қызметкерлері күріш тиелген контейнерден 1,3 тонна кокаин тапты, деп хабарлады AFP.

Есірткі заты Оңтүстік Америкадан келген контейнердегі күріштің ішінен шыққан. Құқық қорғаушылар бұл партия Суринамнан келген деп болжап отыр.

Тыйым салынған жүктің құны бір миллион евроны құрайды.

Хабар 24 телеарнасы