423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда жүздеген қыз-келіншек өздерін қорғауды сұрап көшеге шықты

  • 253
  • UPD: 15:41, 06.08.2020
Түркияда жүздеген қыз-келіншек өздерін қорғауды сұрап көшеге шықты

Әйелдер зорлық-зомбылықты кешірмейді. Түркияда жүздеген қыз-келіншек өздерін қорғауды сұрап көшеге шықты, хабарлайды «Хабар 24».

Олар биліктен әйелдерді қорғауға арналған Ыстамбұл конвенциясынан шықпауды талап етіп жатыр. Бұл наразылыққа Пынар Гюльтекиннің өлімі себеп болған. 27 жастағы студент қызды бұрынғы жігіті буындырып өлтіріп, бөшкеге тығып қойған. Бұған дейін төрағасы ел президенті Режеп Тайып Ердоған болатын, Түркияның Әділет және даму партиясы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы Еуропа кеңесінің Ыстамбұл конвенциясынан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған. 5 тамызда Ердоған осы мәселе бойынша партиялықтармен кездесу өткізуі тиіс еді. Алайда жиын 13 тамызға ауыстырылды. Өткен жылы Түркияда 474 әйел қасақана өлтірілген. Бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, түркиялық қыз-келіншектердің 38%-і ерлерінің тарапынан зорлық-зомбылық көреді. Бұл көрсеткіш Еуропада – 25%.

Гүлзах Кая, Әйелдер қозғалысының белсендісі:

- Біздің елде әйелдердің өміріне қауіп бар. Ыстамбұл конвенциясынан шықсақ, әйелдерді қорлауға мүмкіндік беретін заң қабылданады. Сондықтан біз бүгін көшеге шықтық. Үкімет конвенциядан шығуды кейінге қалдырдық десе де, біз бұл тақырыпты күн тәртібінен мүлдем алып тастауды талап етеміз.

Хабар 24 телеарнасы