423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістандағы жарылыстан 39 адам жарақат алды

  • 172
  • UPD: 15:39, 06.08.2020
Пәкістандағы жарылыстан 39 адам жарақат алды

Пәкістанның Карачи қаласында жарылыс болды. Оқиғадан 39 тұрғын жарақат алды, хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер бір адам ауыр хәлде екенін хабарлайды. «Рейтер» ақпарат агенттігінің дерегінше, халық ереуілге шыққан кезде жарылғыш зат іске қосылған. Наразылық акцияны «Джамаат-және-Ислами» ұйымы ұйымдастырды. Жиналған топ Пәкістан мен Үндістан арасындағы даулы аймаққа айналған Джамму және Кашмир штаттарына қатысты наразылығын білдірді. Өткен жылы Дели бұл аймақтың арнайы мәртебесін жойып, Джамму және Кашмирдің құқығын шектеп, Үндістанның ажырамас бөлігі етіп жариялаған болатын. Пәкістан тарапы Делидің бұл шешіміне әлі күнге дейін қарсы.

Айта кетейік, Джамму және Кашмир штаттары мұсылмандар ең көп шоғырланған аймақ. Мұнда сепаратистер ерекше белсенді. Олар штаттың тәуелсіздік алуы немесе оның Пәкістанға қосылуы үшін күресіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы